Created: 09 Қазан 2019
5549

СҰРАҚ - ЖАУАП

Сұрақ: – АИТВ  жұқпасына қан тапсырған соң, анықтамасы қанша уақытта дайын болады? Және ол қанша уақытқа жарамды?

Жауап: – Сәлеметсіз бе! Сараптаманың нәтижесі теріс болған жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні, сараптама оң нәтижелі болған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні. Бұл Денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы 25 қарашадағы №204  «АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген АИТВ-ға тексерілу нәтижелерін алудың шекті мерзімдері. Сертификат 3 (үш) ай бойы жарамды.

 

  

Пікір қалдыру