Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және Алматы аймағы бойынша «Доверие плюс», «Реванш әлеуметтік көмек қоры» қоғамдық қорларымен, Талдықорған аймағы бойынша «Амелия», «Қос қанат Жетысу» қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс істейді.
«Доверие плюс» ҮЕҰ-мен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың сапалы алдын алу, анықтау және диагностикаға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды үздіксіз емдеуді қамтамасыз ету;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін ауруға байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін АИТВ/гепатитпен тиімді жұмыс жасау үшін серіктестік құру;
- Облыста/өңірде АИТВ/гепатит, АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық-насихаттау, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру.
ҮЕҰ жауапкершілігі:
1) АИТВ-ға және олардың жақын ортасына келесі мәселелер бойынша кеңес беру:
- АИТВ-ға тестілеуге дейін/кейін, соның ішінде ҮЕҰ негізіндегі тестілеу
- АИТВ-мен өмір сүру және мәртебесін анықтау
- Емдеу және AРT ұстану
- қауіпсіз жыныстық қатынас және отбасын жоспарлау
- АИТВ инфекциясының және таралуының алдын алу
- қолдауды алмастыратын терапия
- Гепатит, туберкулез, ЖЖБИ
- әлеуметтік бейімделу.
- Клиенттердің хабардар етілген келісімімен АИТВ-ға және олардың жақын ортасына медициналық қызметтерді алу үшін жан-жақты қолдау көрсету.
- АИТВ-ның жыныстық және инъекциялық серіктестерін ҮЕҰ базасында АИТВ-ға тестілеуден өтуге ақпараттандыру және ынталандыру.
- АИТВ жұқтырғандарды жыныстық және инъекциялық серіктестер арасында АИТВ-ға жедел тестілеуді жүргізуге үйрету. Оң нәтиже болған жағдайда, емдеуді бастау үшін мотивацияны қалыптастыру мақсатында кеңес беру.
- Диспансерлік бақылаудан «шыққан», сондай-ақ емдеуді жүйелі ұстанбайтын АӨСА-ды іздестіру және табу. Көпсалалы топ мүшелерімен (медициналық қызметкер, психолог, әлеуметтік қызметкер) бірлесе отырып, АИТВ-ның осы санатымен олардың АРТ, диспансерлік бақылауды бастауға және ұстануға деген ынтасын арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізу.
- АИТВ-ға диспансерлік бақылаудан өту (қарау, тексеру, дәрі-дәрмек қабылдау) және диспансерлік бақылау мен емдеуді ұстануды қалыптастыру үшін клиентпен тұрақты байланыста болу үшін бірге жүру.
- Көп салалы топ мүшелерімен бірге жоба клиенттерінің АРТ-ны ұстануын бақылау.
- Жоба аясында өткізілетін ауқымды акцияларды ұйымдастыруға белсенді қатысу және т.б.
«Амелия» ҚБ-мен ынтымақтастықтың мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары арасында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдардың қызметкерлері арасында және т.б. арасында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу.
«Реванш әлеуметтік көмек қоры» ҚҚ-мен жасалған Меморандумның негізгі мақсаты - туберкулез/АИТВ/ЖИТС профилактикасы, тестілеу және емдеу саласындағы ынтымақтастық, COVID-19 мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады. Сондай-ақ:
- «Реванш әлеуметтік көмек қоры» ҚҚ-мен бірлесіп АИТВ-ның алдын алу шараларын жүзеге асыруға көмектесу (психологиялық, АРВТ ұстануды қалыптастыру).
- қажет болған жағдайда АӨСА-ға және олардың туыстарына кеңес беру.
«Қос Қанат Жетісу» ҮЕҰ-мен ынтымақтастықтың негізгі бағыты - жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға бағытталған ақпараттық науқанды өткізу бойынша бірлескен жобаларды құруға жәрдемдесу. Сондай-ақ халық арасында АИТВ-инфекциясының және коинфекциясының алдын алу және заманауи емдеу саласындағы білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша ынтымақтасу.
ҮЕҰ-дардың мекен-жайлары мен телефондары:
- «Доверие плюс» қоғамдық қоры
Басшысы: Олейникова Роза Исламовна
050060, Алматы қ,, Басенова к. 2, 4-корпус, 7
тел. +7 727 3 37 82 45
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
- «Реванш әлеуметтік көмек қоры» қоғамдық қоры
Басшысы: Билоконь Елена Александровна
Алматы қаласы, Алғабас м/а, 44, пәтер-55.
тел: +7 705 326 97 01
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
- «Амелия» қоғамдық бірлестігі
Басшысы: Жолнерова Наталья Александровна
040000, Талдықорған қ., І.Жансүгіров к. 87, 89
тел.: +7 728 2 24 20 03
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
- «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі
Басшысы: Радионова Елена Николаевна
040000, Талдықорған қ., Ғ. Орманов к., 83
тел.: +7 7016 38 70 24
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.