Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан аясында ШЖҚ «ЖИТС – ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК ЖИТС – ның алдын алу бөлімінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Алматы облысына қарасты медицина қызметкерлері арасында волейболдан турнирі өтті.
Турнирді Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сырғабаев Абай Қанатұлы мен ЖИТС-ның алдын алу бөлімінің эпидемиолог маманы Н.Касымов ашып берді. Жарыс жолын әнұранмен бастаған қатысушылар тартысты әрі қызықты ойын үлгісін көрсетті.
Спорттық турнирде 7 команда бақтарын сынады. Барлық команда жеңіс жолында аянып қалмады. Дегенмен, бірінші орынды Іле аудандық орталық ауруханасы иеленсе, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы екінші орынға жайғасты. Ал, Карасай аудандық клиникалық көпсалалы орталық ауруханасы үшінші орынды місе тұтты.
Сондай-ақ, Турнирге қатысқан барлық мамандарға арнайы сыйлықтар мен I, II, III орын иегерлеріне мадақтау қағазы, кубоктар берілді.