14-18 қазан күндері Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің дәрігерлері Райымбек, Кеген және Ұйғыр ауданының құқық қорғау органдары, әскери бөлімдер мен бизнес құрылымдарына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өтті. Алыс аудандардағы ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Инфекцияның берілу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға ешқандай кемсітушілік, стигма көрсетілмеуі керектігіне баса көңіл аударды.
Іс-шараларда 117 құқық қорғау органдары қызметкерлері, 296 әскери бөлім қызметкерлері мен 296 бизнес құрылымының қызметкерлері қамтылды. Жалпы 1277 оқу ақпараттық материалдары таратылды.