Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 28 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Қызылорда қаласында «ҚДЖМ» Қазақстан медицина университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасын іске асыру бойынша оқыту семинарлары өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығынан спикер ретінде 10 жылдық тәжірибесі бар инфекционист дәрігер, магистр — Махмутова Саниям Масимжанқызы шақырылды. Семинарлар гибридті форматта (онлайн – офлайн) өтті. Сондай-ақ дәріс беруші ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, инфекционист – Досқожаева С.Т. және жоғары санатты докторы, медицина ғылымдарының кандидаты – Петрова Н.П. шақырылды.

Оқыту семинарлары 2 тілде жүргізілді. Бірінші апта Қызылорда қаласының Орталық қалалық емханасында «АИТВ-ның анадан балаға берілу жолын алдын алу, мерез және В, С гепатиттерінің алдын алу» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг қатысушылары акушер-гинекологтар, эпидемиологтар, мейірбикелер, емхананың әйелдер кеңесі бөлімінің акушерлері болды.

Дәріс материалдарымен қатар ситуациялық есептерді шешу бойынша топтық жұмыстар жүргізілді. Тренинг күндерінде әлемдегі және Қазақстандағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның шығу этиологиясы, АИТВ-инфекциясының алдын алу сияқты мәселелер талқыланды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен міндеттері. Инфекция кезіндегі төтенше жағдайлар: байланысқа дейінгі және кейінгі алдын-алу. Созылмалы С гепатиті мен мерездің жүктілік ағымына әсері.

Оқытудың екінші аптасында Қызылорда облысындағы көпсалалы облыстық ауруханада «АИТВ-жұқпасы бар адамдарға және халықтың негізгі топтарына қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыстың түкпір-түкпірінен 100-ден астам медицина қызметкерлері қатысты: кардиологтар, педиатрлар, неонатологтар, эпидемиологтар, ЖТД, психологтар және медбикелер қатысты.