Репродуктивті денсаулық апталығы – денсаулық туралы ақпарат алудың, білікті мамандарға сұрақтар қоюдың, тексеруден өтудің және салауатты болашаққа қадам жасаудың бірегей мүмкіндігі. Апталық аясында 28 маусым күні Жамбыл ауданының тұрғындарына ЖИТС орталығының мамандарымен, Жамбыл аудандық, Қарғалы ауылы ШЖҚ «Аудандық ауруханасы» МКК жастар денсаулық орталығы мамандарымен бірлесіп ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) болдырмау, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің таралуының өсуі, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусын алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталды. Апта аясында жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылды.
Іс-шарада 280 адам ақпараттандырылып, оның ішінде 45 адам АИТВ-ға тегін жедел тестілеуден өтті, 250 дана ақпарат құралдары таратылды.