ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды халықаралық еске алу күні жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.
2024 жылы ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың дүниежүзілік күні 19 мамырда «БІРГЕ ЕСКЕ АЛАМЫЗ, БІРГЕ МАХАББАТ ПЕН ЫНТЫМАҚ АРҚЫЛЫ ЕМДЕЛЕМІЗ!» ұранымен өтеді.
2024 жылдың 15-16 мамырында Алматы облысы, Қонаев қаласындағы №5 орта мектептің мәжіліс залында «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау» атты жасөспірімдер арасында қалалық форум өтті. Форумға «Өмір Қуаты» жастар денсаулық орталығы, Қонаев қалалық орталық ауруханасы мен Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері мен психологтары, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандары, «Доверие плюс» үкіметтік емес ұйымының қызметкерлері мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
«Өмір Қуаты» жастар орталығының үйлестірушісі Н.Б. Жанұзақова жасөспірімдік шақта пайда болатын психобелсенді заттарды қолдану және қауіпті жыныстық мінез-құлық сияқты денсаулыққа қауіп төндіретін көптеген факторлар туралы айтты. Жағдаяттық тапсырма эмоционалдық қиындықтарды жеңудің сәтсіз әрекеттері болуы мүмкін және жасөспірімнің психикалық және физикалық әл-ауқаты үшін ауыр салдары болуы мүмкін қауіпті мінез-құлықтарды анық көрсетті.
Алматы областық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің басшысы Л.А. Абдукаримова АИТВ бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. Алматы облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 2500-ден аз адам есепте тұрады. Жыл сайын облыста АИТВ-инфекциясының 100-ге жуық жаңа жағдайы тіркелсе, оның 32 пайыздан астамы 15-29 жас аралығындағы жастар. Ал негізгі жас тобы 30-дан 49-ға дейін АИТВ-ның жыныстық жолмен берілушілері басым, бұл 80%-дан астамды құрайды;
Соңғы жылдары жаңа дәрілер мен емдеу әдістері пайда болды. АИТВ-ға тестілеу, тіпті өзін-өзі тексеру белсенді түрде насихатталуда. Бүгінгі таңда заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы бақылауға болатын созылмалы ауруға айналды: антиретровирустық терапия АИТВ-инфекциясының дамуын бәсеңдетеді және АИТВ-мен ауыратын адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде АИТВ-инфекциясын жұқтырған барлық науқастар терапияны тегін алады.
Ал, «Довери плюс» ҮЕҰ өкілі С.Қабжалелов болса, өзінің диагнозы ашық айтатын адам ретінде өз өмір оқиғасын айтып берді. «Менің диагнозымның расталғанына 14 жылдан астам уақыт өтті. Менің тамаша отбасым бар. Бірақ біз белгілі бір стигманы бастан өткердік, ол бізге жақын адамдардан келді. АИТВ – мен бұрын ойлағандай өлімге әкелетін ауру емес. Бар стигмаға байланысты мен басында ВИЧ жұқтырғанымды бәріне айтуды қойдым, тек жақындарым білді, бірақ қазір мен сияқты адамдарға бұл жағдайдан аман қалуға көмектесемін. Менің ойымша, біздің өмірімізде бәрі белгілі бір себептермен болады, тіпті бұл қорқынышты болып көрінетін диагноз. Бірақ ол менің өмірімді өзгертті, өзімді өзгертуге, өзімді сүюге мәжбүр етті», – дейді С.Қабжалелов.
Форум соңында квилт фонында суретке түсіп, АИТВ індетін жұқтырғандарды еске алып, Алматы облысының оқушылары мен студенттері шырақ жақты. Қызыл ленталар есте сақтаудың белгісі.