Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Ұйғыр ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастырды.
17-18 қазан күндері Ұйғыр аудандық білім басқармасымен бірлесе «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға ауданның мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәнінің мұғалімдері және мектеп медбикелері қатысты. Ауданның И.Молутов атындағы орта мектептің, №1 Шонжы мектеп лицейінің, №5 Шонжы орта мектебінің, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің, Абай атындағы орта мектептің оқушыларына және Ұйғыр аудандық көпсалалы инновациялық колледждің, Ұйғыр ауданы политехникалық колледждің студенттеріне семинар оқылды.
Аталған күндері ЖИТС орталығының эпидемиолог мамандары: Л. Абдукаримова, Т.Мырзагулова және Н.Касымов Ұйғыр ауданында орналасқан 3 бизнес құрылымына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар жүргізіп, оқу ақпараттық материалдары таратты.
Жалпы іс-шарада 42 мұғалім, 600-дан аса оқушы және 78 бизнес құрылымының жұмысшылары қамтылды. 745 оқу ақпараттық материалдары таратылды.