Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК ересектер емханасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай айлық науқан аясында терапевт, нарколог, СӨС мамандары және ЖИТС орталығының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Ақпараттық материалдарды тарата отырып, АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша емхана бөлімшесіне келушілерге консультациялар өткізілді. ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Л. Танабаева Алматы облысында АИТВ-инфекциясының таралуының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, ауылдық ауруханалар мен фельдшерлік амбулаторияларында Талғар ауданының АИТВ-инфекциясын анықтау бойынша баса назар аударды. Келушілер үшін АИТВ-ға жедел тестілеу аймағы ұйымдастырылды, брошюралар таратылды, еріктілер дәрігермен жеке сөйлесе алды. АИТВ-ға жедел тестілеу ауданның 63 тұрғынына жасалды, 70-ден астам ақпараттық-білім беру материалдары және 90-нан астам мүшеқап таратылды.

Эпидемиолог дәрігер Л. Танабаева атап өтті:

— «Әр адамның денсаулығы жеке құндылық қана емес, ол әлеуметтік, қоғамдық құндылықты білдіреді. Адам құқықтары АИТВ-ның таралуымен және оның бүкіл әлемдегі адамдар мен қауымдастықтарға әсерімен тығыз байланысты. Адам құқықтарының сақталмауы вирустың таралуына ықпал етеді және оның салдарын күшейтеді, ал АИТВ адам құқықтарын жүзеге асырудағы жетістіктерге нұқсан келтіреді. Бұл байланыс эпидемияның сипатына және әлеуметтік, құқықтық және экономикалық жағдайларға байланысты әйелдер мен балаларға қатысты белгілі бір популяциялар арасында аурудың пропорционалды емес әсері мен таралуында байқалады».