Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың қаңтар айында«Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР  2020 жылғы 7 шiлдедегi  № 360-VI ҚР кодексі 99 бап, 1 тарау 3 тармақшасын «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялауды» орындау  мақсатында, Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты алты мектебінде  8-11 жоғарғы сынып оқушыларына, Жамбыл ауданы орта білім беру мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәнінің мұғалімдеріне және мектеп медбикелері арасындадөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын —  алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов пенЖамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесе «Жастар арасында  АИТВ жұқпасының  алдын алу» тақырыбында жүргізілді.

Жамбыл аудандық аурухананың акушер – гинеколог дәрігері – А. Жылысбек «Ерте жүктілік» тақырыбы,  Жамбыл аудандық аурухананың нарколог дәрігері – Т. Кулумбетов «Наркотикалық заттардың адам денсаулығына зияндылығы» тақырыбында, Жамбыл аудандық аурухананың жастар орталығының валеологы- А.Сатова «Дұрыс тамақтану» тақырыбында баяндамалар жасалынды.

ЖИТС орталығының мамандары үшін жастармен жұмыс жасауда өз  денсаулығы, өмірсалты, өмірлік серіктес таңдау, отбасын жоспарлау үшін жеке жауапкершілікті тәрбиелеу призмасы  — инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алуды қарастыру өте маңызды.

Білім беру іс – шарасына барлығы 3303-ден астам мамандар мен оқушылар қатысып, 810-нан астам ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Орталықтың эпидемиологы Н.Қасымов:

  • «ЖастарАИТВ-инфекциясының алдын алудашешушірөл атқарады.Жастарғақажеттіқолдау көрсете отырып,бізоларғавирустан өз бетіншеқорғануғамүмкіндік береміз.Алдын алубағдарламалардыәзірлеужәнеұсыну арқылы бізжастардыңболашақтуралыынта-жігерін жәнеармандарынэпидемияменкүресудіңкүштіқұралдарынаайналдырааламыз» — деп атап кетті.