05 қараша 2025 жылы Райымбек ауданында «Жастар — денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ» атты кең ауқымды ақпараттық күн өтті. Іс-шара аясында ауданға қарасты А. Сарсенбайұлы атындағы және Қайнар орта мектептерінің 8–11 сынып оқушыларына арналған семинарлар ұйымдастырылып, барлығы 305 оқушы қамтылды.
Сонымен қатар Қайнар орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оған 39 ата-ана қатысты.
Профилактикалық шаралар тек мектептермен шектелмей, Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде де жалғасын тапты. Мұнда студенттер (50 адам) мен оқытушылар (21 адам) АИТВ-инфекциясының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және жауапты мінез-құлық қалыптастыру бойынша маңызды ақпарат алды.
Барлық кездесулердің басты мақсаты — жастардың АИТВ жайлы сауаттылығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамда індеттің алдын алу бағытындағы түсінікті нығайту.

