Наурыз айы бойы Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмысы бөлімі эпидемиолог дәрігерлері «СДиК», «HENKEL САС», «IngPlast», «Penoplex», «Kнауф», «Гренд Ленд Алатау» «Дорпласт-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Фоссло Фастенинг Системс Казахстан» ашық қоғам қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізді.
Семинар барысында ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларға АИТВ инфекциясы жайлы түсінік беріп, берілу жолдарын және алдын алу шараларын түсіндірді. Дәрігерлер жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын-алудың маңыздылығына ерекше тоқталып, АИТВ оң жандарға ешқандай кемсітушілік, стигма көрсетілмеуі керектігін айтты.
Сондай-ақ, бизнес құрылым қызметкерлеріне Алматы облысындағы 2024 жылдың 12 айлық бойынша АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай баяндалды. Семинар соңында қатысушылар «АИТВ және ЖИТС» тақырыбында бейнефильм тамашалап, тақырып аясында мазалаған сұрақтарына толыққанды жауап алды. QR код арқылы сұрақ-жауап жасалды.
Жалпы 8 бизнес құрылымдарында 985 қызметкерлер семинармен қамтылып, оқу-ағарту материалдары таратылды.