Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылғы 22–25 қыркүйек аралығында Балқаш ауданында орналасқан ұйымдар мен бизнес құрылымдардың қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясынан өзіңді қорға!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді.

Семинар барысында Алматы облысындағы АИТВ инфекциясы бойынша 8 айдағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясы туралы жалпы түсінік, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары, сондай-ақ АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді.

Ақпараттық-түсіндіру кездесулері Балқаш ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйінде, «Балқаш жолдары» ЖШС-де, Балқаш ауданының полиция басқармасында, «Балқаш аудандық РЭС» АҚ-да, «Бақанас орман шаруашылығы» КММ-де, «Бірлік АЖА» ЖШС-де, «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-де және «Бірлік құрылыс жөндеу» ЖШС-де өткізілді.

Кездесулер барысында қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке қауіпсіздік шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауаптар алды.

Семинар соңында қатысушылар QR-код арқылы сауалнамаға қатысып, іс-шара бойынша өз пікірлерін білдірді.

Үш күн ішінде аталған 8 ұйымнан барлығы 475 адам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.

Жүргізілген семинарлар халықтың, оның ішінде жұмыс істейтін жастар мен еңбек ұжымдарының АИТВ инфекциясы туралы медициналық сауаттылығын арттыруға, алдын алу шаралары жөніндегі білімін кеңейтуге және денсаулыққа жауапты көзқарас қалыптастыруға бағытталды.