Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 86% -ы ем қабылдайды

Мамырдың әр үшінші жексенбісі күні бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні ретінде өткізіледі. 2024 жылы ол 19 мамырға келіп отыр.

Бұл күннің мақсаты — АИТВ-инфекциясы өмірін қиған адамдарды құрметтеу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ осы инфекциямен байланысты стереотиптерді жою және хабардар ету.

Ұйымдастыру – әдістемелік бөлім меңгерушісі С. Кожалимова Алматы облысында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтығын атап өтті. «Алматы облысында 2024 жылдың алғашқы төрт айында 109 адам анықталды. Инфекцияның негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас. Анықталған 109 адамның 8,1% — 20-29 жасқа, 14,8% 30-39 жас арасында тіркелген. Ерлер арасында 64,2%, әйелдер арасында 35,8% кедеседі».

Алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеуге қатысты өзекті мәселелер туралы айтты: «Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні індеттен зардап шеккендерге қолдау көрсету және АИТВ-ның қазіргі заманның шындығы екенін қоғамға еске салу үшін өткізіледі. ЮНЭЙДС мақсаттарына сәйкес, АИТВ мәртебесін білетін пациенттердің 95 %-ы ағзадағы вирусты басу үшін антиретровирустық терапияны қабылдауы керек. Айта кетейік, Алматы облысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 86% ем қабылдайды. Өз АИТВ мәртебесін біледі — 86%, емдеу тиімділігі — 90% құрайды. Босанған әйелдер мен балалар арасында АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алумен қамту 100% құрайды, ал ЖИТС-тен болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,1% деңгейінде сақталды» — деп атап өтті.

Соңғы жылдары жаңа дәрілер мен емдеу әдістері пайда болды. АИТВ-ға тестілеу, тіпті өзін-өзі тексеру белсенді түрде насихатталуда. Бүгінгі таңда заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы бақылауға болатын созылмалы ауруға айналды: антиретровирустық терапия АИТВ-инфекциясының дамуын бәсеңдетеді және АИТВ-мен ауыратын адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде АИТВ-инфекциясын жұқтырған барлық науқастар терапияны тегін алады.

Антиретровирустық терапияның пайда болуы медицинадағы үлкен жетістік және осы инфекциямен өмір сүретін адамдардың өміріндегі өмірді және оның ұзақтығын сапалы жақсартуға бағытталған маңызды өзгеріс болып табылады.

2024 жылғы 21 мамырында сағат 11.00-де Қонаев қаласында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында баспасөз мәслихаты/брифинг өтеді.

Облысымызда мамыр айының соңына дейін Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда, соның ішінде орталық дәрігерлерінің жергілікті телеарналарда сөз сөйлеуі және әрине БАҚ өкілдерін белсендіру. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы халықтың назарын қауіпсіз жыныстық мінез-құлық мәселелеріне аудару, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын қоғамды қалыптастыру.