Науқан аясында ағымдағы жылдың 19 қарашасында облыс пен Қонаев қаласының журналистері арасында өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбында брифинг өткізілді.
Брифингтің мақсаты мен міндеттері: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпы халықтың,оның ішінде жастар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелерінде хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңінен насихаттауды ұйымдастыру және АИТВ инфекциясын жұқтыруға кедергі келтіретін әдеттегі мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыру.
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрескүні атап өтіледі. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа арналған. Биылғы жылы ұран «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтары жолы» болады.
Брифингте емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі С.Мельман баяндама жасады, онда ол АИТВ — мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу туралы айтты, осылайша 2024 жылдың 9 айында антиретровирустық терапиямен (бұдан әрі -АРТ) қамту және 2024 жылдың 9 айында АРТ тиімділігі -91% (2023ж. -87%) артты. Халықтың негізгі топтарын (инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, секс-жұмыскерлер және еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар) 2024 жылдың 9 айында байланысқа дейінгі профилактикамен қамту-12,7%. Ал профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова ЖИТС орталығының профилактикалық жұмысына тоқталып, халықтың хабардарлығы туралы айтып берді, 2024 жылдың 9 айында 376ақпараттық-білім беру компоненттері (семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, акциялар, ашық есік күндері) өткізілді.
«ОгниАлатау» журналының журналисті М.Сабиева АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу және емдеу туралы сұраққа қызығушылық танытты. С. Мельман:
-«Қазақстанда АРТ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін беріледі. Антиретровирустық терапияның негізгі мақсаты – қандағы вирустың мөлшерін азайту және иммундық жүйені қалпына келтіру. Емдеудің тиімділігі симптомдардың жойылуына әкеледі және адамдарға толыққанды және салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді. АРТ қабылдайтын АИТВ-мен өмір сүретін адамдар вирусты жыныстық серіктестеріне таратпайды, бұл адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы орта білім беру мекемелеріндегі алдын алу жұмыстары туралы сұрақ қойды. Л. Абдукаримова АИТВ бойынша семинарлар мен тренингтер тек науқан кезінде ғана емес, демалыстан басқа жыл бойы өткізілетінін айтты. Ағымдағы жылдың 9 айында білім беру жүйесінде 246 семинар, форум өткізілді, 33152 оқушы мен педагогтар қамтылды.
Брифинг Алматы облысының өңірлік коммуникация онлайн платформасында Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығының қолдауымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы көрсетілді.