Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

21 қазан күні Алматы облысы, Талғар қаласындағы Қонаев атындағы гуманитарлық колледжінде «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өтті. Кездесу Талғар аудандық жастар денсаулық орталығы мен Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А. Ибраимова АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жыныстық жолмен […]

Толығырақ

20 қазан күні Балқаш ауданына қарасты орта білім беру мекемелерінде және колледждерде жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылды. Акцияның ұраны – «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» Іс-шараға жалпы 985 оқушы мен 75 студент қатысты. Семинар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұқтыру қаупін төмендету тәсілдері, […]

Толығырақ

Жастар арасында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция аясында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары шалғай орналасқан Балқаш ауданына іссапар ұйымдастырды. 2025 жылғы 15 қазанда Балқаш ауданының орталығы – Бақанас ауылында ауданның 87 педагогінің қатысуымен ақпараттық-ағартушылық дөңгелек үстел […]

Толығырақ

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш медициналық колледжінің студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Іс-шараға 70-тен астам студент қатысып, олардың 43-і АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттердің АИТВ инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы білімін кеңейту, вирустардың берілу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат […]

Толығырақ

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы жыл сайын аудандық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жанындағы жастар денсаулық орталықтары мамандарымен бірлесіп, жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері мен мектеп медбикелерімен дөңгелек үстелдер өткізеді. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Биыл АИТВ тақырыбымен […]

Толығырақ

Алматы облысында жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған үш айлық акция басталды Акцияның ұраны: «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» Алматы облысында жастар арасында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция өз бастауын алды. Акцияның бастамашысы – Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу […]

Толығырақ

1 қазан – бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да, Халықаралық қарттар күні ретінде атап өтіледі. Біздің елімізде қарт адамдардың лайықты әрі белсенді қартаюын қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Бұл күн қоғамға аға буынның маңыздылығын тағы бір еске салады. Жасы үлкен адамдар әрқашан дәстүрді сақтаушы, жастарға өнеге көрсетуші және тәрбиеші ретінде қоғамда […]

Толығырақ

Мен анамын әрі жармын, екі керемет балам бар. Үлкенім үш жасқа толар-толмас кезде, күйеуімнен – балаларымның әкесінен – АИТВ анықталды. Одан кейінгі сәттердің бәрі тұман сияқты еді: талдаулар, дәрігерлер, қайта-қайта тексерулер, психологтар… «Мен өлімші науқаспын» деген ойды қабылдау өте ауыр болды. Тіпті ата-анам мені тірідей жоқ қылғандай күй кештім. Содан бері 10 жылдан астам уақыт […]

Толығырақ

2020 жылы мен сүйікті қызыммен шаңырақ көтердім. Үйленген соң жұмыс бабымен қаладағы тұрағымызды ауылға ауыстыруға шешім қабылдадық. Алғашқы кезде бәрі жақсы болды, жаңа ортаға үйренісіп кеттік. Бірақ біраз уақыттан кейін әйелім өзін жайсыз сезіне бастады — әлсіздік пен сырқат байқалды. Оның жағдайын түсінбедім, ең бастысы, қалай көмектесерімді білмедім. Ол денсаулығы туралы маған ештеңе айтпай, дәрігерлерге […]

Толығырақ

Алматы облысы АИТВ-инфекциясына қарсы күресте үлкен қадамдар жасап келеді. Соңғы екі жылда өңірде АИТВ-ның анадан балаға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы 11 қыркүйекте Қонаев қаласында өткен брифингте, облыстық ЖИТС орталығының директоры Алмас Масалимов 2025 жылдың 8 айындағы жұмыстың қорытындыларын таныстырды. Директор ЖИТС орталығының негізгі жетістіктерін атап өтті. Балалар сау болып дүниеге келуде. Ағымдағы жылдың […]

Толығырақ