Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

2026 жылдың наурыз айында Іле ауданының Жауғашты ауылында орналасқан №10 түзету мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы  А. Ибраимова ұйымдастырып, семинар форматында өткізді. Семинар барысында мекеменің жеке құрамына, медицина қызметкерлеріне және бас бостандығынан айырылған азаматтарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, […]

Толығырақ

2026 жылдың наурыз айының басында Қарасай ауданының Шамалған ауылында орналасқан Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжінде студенттерге арналған АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – 15–29 жас аралығындағы жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, инфекцияның таралу […]

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 252-VIII ҚРЗ ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:        1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:       мынадай мазмұндағы 380-3-баппен толықтырылсын:       «380-3-бап. […]

Толығырақ

2026 жылдың наурыз айының басында Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов және Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының жастар денсаулық қорғау орталығының дәрігері А. Нысанбаевамен бірлесе отырып, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Аймен орта мектебі» және Рахат ауылдық округінің №1 орта білім беру мекемелерінің 8–11 сынып оқушыларына арналған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық […]

Толығырақ

2026 жылғы 27 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселесіне арналған дөңгелек үстел және семинар ұйымдастырылды. Іс-шара алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымовтың бастамасымен және медицина мен білім беру саласының мамандарының бірлесуімен өтті. Дөңгелек үстелге Еңбекшіқазақ ауданының орта білім беретін мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, биология пәні мұғалімдері мен мектеп […]

Толығырақ

Халықтың АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында профилактикалық бағыт мамандары Алматы облысының ЖШС және АҚ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Алдын алу кездесулері жұмыс орындарында ұйымдастырылып, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу әдістері, уақтылы тестілеудің маңыздылығы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға […]

Толығырақ

2026 жылдың ақпан айының басында Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы аумағында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Жамбыл көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарымен бірлесе өткізілді. Атап айтқанда, нарколог дәрігер Т. Кулумбетов, акушер-гинеколог Р. Кадырова, психолог А. Тунгушбаева, салауатты өмір салты (СӨС) валеологы А. Сатова қатысып, өз бағыттары бойынша мазмұнды […]

Толығырақ

2026 жылғы 4 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі, С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі және Еуразиялық көпсалалы колледжі студенттері мен оқытушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін […]

Толығырақ

2026 жылы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары білім беру ұйымдарынан бастау алды. Алғашқы іс-шаралардың бірі – оқушылардың өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру семинары болды. 2026 жылдың 21 қаңтарында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Қасымов Қарасай ауданы, Іргелі ауылында орналасқан […]

Толығырақ

Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес Кампаниясының аяқталуына орай, 2025 жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысындағы №10228 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметкерлер мен азаматтық мамандарға АИТВ туралы нақты әрі сенімді ақпарат беру, инфекцияның берілу жолдарын түсіндіру, қорғану әдістерін таныстыру және ерікті түрде тестілеудің маңыздылығын насихаттау болды. Алматы облыстық […]

Толығырақ