Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың наурыз айында Іле ауданының Жауғашты ауылында орналасқан №10 түзету мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы  А. Ибраимова ұйымдастырып, семинар форматында өткізді.

Семинар барысында мекеменің жеке құрамына, медицина қызметкерлеріне және бас бостандығынан айырылған азаматтарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және дер кезінде тексерілудің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жабық мекемелердегі санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуге және АИТВ инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған.

Семинарға барлығы 477 адам қамтылды, оның ішінде: жеке құрам – 55 адам, медицина қызметкерлері – 12, бас бостандығынан айырылғандар – 410 адам.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ақпараттық кездесулер халықтың түрлі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша білім деңгейін арттыруға және қоғамда денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.