Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ғалия Жұмаханқызы медбикелер күніне Денсаулық сақтау министрлігінен келген “Денсаулық сақтау ісінің Үздігі” төс белгісімен марапатталды. Төсбелгісін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Алмат Тұрысбекұлы өзі шықыртып марапаттады! Ғалия Жұмаханқызы 1991 жылы Алматы қаласындағы «Республикалық медицина училищесін» мейірбике ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылдан Алматы қалалық клиникалық №4 ауруханасының терапия бөлімінде медбике болып бастады. 2004 жылдың шілде айынан бастап ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК мекемесінде күні бүгінге дейін медбике лауазымында жұмыс атқарып келеді. Жоғары санатты маман. Жұмыс барысында өзін жағымды жағынан және жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің тікелей жұмысына жауапты қарайды. Өзіне де, өзінің әріптестеріне де талапшыл. Еңбек ұжымында тәртіптің сақталуын қолдайды. Жұмыс тәжірибесіне бар жаңалықты енгізуге тырысады. Жаңа жағдайларды талдауға және туындаған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдауға қабілетті. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу бойынша жедел шешім қабылдай біледі.
Өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы орындайды, көлемі үлкен жұмыстарды орындауға қабілетті және оларды орындау нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды. Ұжымдағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге өзіндік үлесін қосып келеді.
Ғалия Жұмаханқызы жақсы ұстаз, мейірімді тәлімгер, нағыз мамандарды дайындауға белсенді араласады. Басталған істі соңына дейін жеткізбей қоймайды. Жігерлі, ұқыпты қызметкер, өз көзқарасын дәлелдей біледі.
Қарым-қатынаста сыпайы, жоғары талапшылдығы, мейірімділігі, қойылған мақсаттарына жетуде қызығушылығы оны ұжымда ерекше етіп көрсетеді. Ұжымда қызметкерлер тарапынан құрметке ие. Қызмет барысында еңбек тәртібін бұзу жағдайлары орын алған емес.