Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің базасында (Алматы қ., Красногорская көшесі, 73А) «2025 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараны ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК ұйымдастырады.

Дөңгелек үстел жұмысына Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының мамандары, сондай-ақ түзеу мекемелеріне жауапты қызметкерлер қатысады.

Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды динамикалық бақылау мәселелері, сондай-ақ профилактика шаралары мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.