Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылғы 15 сәуірде
«2025 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары, сондай-ақ түзету мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ҚАЖ мекемелеріндегі АИТВ-инфекциясы бойынша 2025 жылдың қорытындысындағы эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. Қатысушылар АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамту, бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды динамикалық бақылау, сондай-ақ алдын алу шараларын талқылады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚАЖ мекемелеріндегі адамдарға медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау жүйесіне берілгеніне қарамастан, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлескен жұмыс өзекті бағыт болып қала беретіні атап өтілді.

Талқылау барысында қосымша пысықтауды қажет ететін проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары белгіленді. Қатысушылар медициналық көмекті көрсетуде ведомствоаралық үйлестіру мен сабақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты күшейтуге келісті.