23-24 қыркүйек 2026 жылы Балқаш ауданы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәнінің мұғалімдері, мектеп медбикелері және 8–11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, инфекцияның берілу жолдары туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналар мен педагогтердің профилактикалық жұмыстардағы рөлін арттыру.
Дөңгелек үстел жұмысына Балқаш аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Жарас Асхатұлы, психологы Үміт Дабылбекова, акушер Гүлбану Мақсатқызы және ЖИТС орталығының эпидемиолог маманы Н. Қасымов қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, оның берілу жолдары, ерте анықтаудың маңызы және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өзектілігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар жасөспірімдермен ашық диалог орнату, олардың денсаулыққа жауапты көзқарасын қалыптастыру және қауіп факторларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге барлығы 78 адам қатысып, қатысушыларға профилактикалық бағыттағы 100 плакат және 300 ақпараттық-оқыту материалы таратылды.
Осындай бірлескен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жастардың АИТВ инфекциясы туралы сауаттылығын арттырып, денсаулықты сақтауға жауапкершілікпен қарауына және инфекцияның алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

