Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Жамбыл ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бір бастама аясында колледж студенттері арасында спорттық жарыстар мен мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Ұзынағаш ауылында Жамбыл ауданына қарасты колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге ұлдар мен қыздар командалары қатысып, өздерінің жоғары спорттық дайындығы мен командалық […]

Толығырақ

3 желтоқсан 2025 жылы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Ә. Бухарбайқызы және М. Әуезов атындағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинарлары өтті. Денсаулық және қауіпсіз мінез-құлық тақырыбын қамтыған кездесулерге 350-ден астам жасөспірім қатысты. Шараның басты мақсаты — жастарға АИТВ жұқпасы мен ЖЖБИ-ға байланысты қауіптердің қалай қалыптасатынын түсіндіру және оларды шынайы қорғайтын біліммен қамтамасыз ету. […]

Толығырақ

Әр жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, Алматы облысының ЖИТС орталығы мамандары Қонаев қаласы, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында ауқымды «Ашық есік күндерін» ұйымдастырды. Бірнеше күн бойы тұрғындар АИТВ инфекциясы туралы өзекті ақпарат алып, мамандарға сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды және тегін тестілеуден өтті. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың ақпараттылығын арттыру, […]

Толығырақ

Алматы облысы Заречный ауылында орналасқан Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №12 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ақпараттық-ағартушылық акция өтті. Іс-шара дәстүрлі дәрістердің орнына жеңіл, ашық және интерактивті форматта — «ВИЧеринка» түрінде ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл қатысушыларға еркін атмосферада денсаулық тақырыптарын талқылауға мүмкіндік беріп, сенімді қарым-қатынас орнатты. Акцияға 150 тергеудегі азамат қатысып, мамандарға еркін түрде сұрақтар қойып, талқылауларға […]

Толығырақ

Алматы облысының Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 орта мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті. Спортқа қызығушылығы жоғары оқушы қыздарды біріктірген бұл шара аудандық спорттық бастамалардың жарқын оқиғасына айналды. Жарыс аясында Талғар аудандық спорт басқармасымен бірлесіп «Қиындықтардан тиімді өзгерістерге – АИТВ-ге қарсы күресте» атты ақпараттық Кампания ұйымдастырылды. Оның мақсаты — оқушылардың АИТВ инфекциясының […]

Толығырақ

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, өңірдегі АИТВ ахуалы, профилактикалық жұмыстардың нәтижелері және тестілеуге қатысу деңгейі талқыланды. Мамандар айлық аясында атқарылған іс-шаралар бойынша нақты деректер ұсынды. ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес Алматы облыстық орталығы» КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С. Қожалимова өңірде АИТВ көрсеткіштерінің төмендегенін […]

Толығырақ

2025 жылдың 25–26 қараша айында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Іле ауданының Қосөзен және Қарой ауылдарында, сондай-ақ «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ересектер емханасында «Ашық есік күні» форматындағы жылжымалы іс-шаралар өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды. Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға […]

Толығырақ

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастыруымен Алматы облысының аймақтық коммуникация орталығының мекемесінде, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1 мекенжайында сағат 11:00-де брифинг өтетінін хабарлайды. Брифингте өңірдегі алдын алу шараларының қорытындылары және АИТВ-ның алдын алудағы жаңа тәсілдер таныстырылады. 2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда Әлемдік ЖИТС-пен күрес күніне (1 желтоқсан) […]

Толығырақ

ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматы облысының Талғар қаласындағы психикалық денсаулық орталығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық-түсіндіру Кампаниясы өтті. Іс-шараға Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог маманы Т. Мырзагулова, сондай-ақ «Доверие плюс» үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік қызметкерлері — К. Духанин, Н. Камарова және С. Кабжалелов қатысты. Іс-шараның мақсаты — психикалық денсаулық орталығында стационарлық […]

Толығырақ

Алматы облысының Жауғашты ауылында орналасқан №10 әйелдер колониясында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараның мақсаты – тергеуде ұсталушылардың АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөніндегі ақпараттандырылу деңгейін арттыру, алдын алу шаралары туралы білімдерін нығайту, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру болды. Бағдарлама барысында жүргізуші қатысушыларды қарсы алып, күн тақырыбын жариялап, […]

Толығырақ