Жаңалықтар
2026 жылдың ақпан айының басында Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы аумағында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Жамбыл көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарымен бірлесе өткізілді. Атап айтқанда, нарколог дәрігер Т. Кулумбетов, акушер-гинеколог Р. Кадырова, психолог А. Тунгушбаева, салауатты өмір салты (СӨС) валеологы А. Сатова қатысып, өз бағыттары бойынша мазмұнды […]
2026 жылғы 4 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі, С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі және Еуразиялық көпсалалы колледжі студенттері мен оқытушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін […]
2026 жылы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары білім беру ұйымдарынан бастау алды. Алғашқы іс-шаралардың бірі – оқушылардың өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру семинары болды. 2026 жылдың 21 қаңтарында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Қасымов Қарасай ауданы, Іргелі ауылында орналасқан […]
Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес Кампаниясының аяқталуына орай, 2025 жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысындағы №10228 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметкерлер мен азаматтық мамандарға АИТВ туралы нақты әрі сенімді ақпарат беру, инфекцияның берілу жолдарын түсіндіру, қорғану әдістерін таныстыру және ерікті түрде тестілеудің маңыздылығын насихаттау болды. Алматы облыстық […]
Он жыл ішінде менің өмірім түбегейлі өзгерді. Бір кездері бұл диагноз мені күйретіп тастайтындай көрінді, бірақ сол сәтте мен өмірге қайта жармасып, бәрін жаңадан бастадым. Бірнеше жыл бұрын АИТВ-ға оң нәтижелі тест алған кезде абдырап қалдым. Оған дейін ретсіз өмір салтын ұстандым. Басымда сансыз сұрақ болды: АИТВ қайдан пайда болды, бұл инфекция деген не, қалай […]
Қарасай ауданында жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатындағы белсенді әрі жүйелі жұмыс жалғасуда. Соңғы бір ай ішінде медициналық ұйымдар мен профильдік мекемелердің мамандары ауданның колледж студенттері мен мектеп оқушыларына арналған лекциялар, тренингтер және интерактивті кездесулер сериясын өткізді. Ақпараттық кампания ауқымды білім беру алаңдарын қамтыды. Олардың қатарында медициналық және шығармашылық бағыттағы […]
Акция барысында: Қандағы қант мөлшері – 18 адамға тексерілді; Артериялық қан қысымы – 12 тұрғынға өлшendi; АИТВ-ға жедел тестілеуден – 18 адам өтті; Тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес – 18 адамға ұсынылды. Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша кеңестер […]
2025 жылғы 5 желтоқсанда Талғар ауданы Еркін ауылындағы №26 орта мектепте 10–11 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Бұл шара жасөспірімдерді спорттық бәсеке рухында біріктіріп қана қоймай, бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту және жастардың салауатты өмір салтына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігіне айналды. Жарыс аясында Талғар аудандық спорт басқармасының қолдауымен […]
Жамбыл ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бір бастама аясында колледж студенттері арасында спорттық жарыстар мен мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Ұзынағаш ауылында Жамбыл ауданына қарасты колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге ұлдар мен қыздар командалары қатысып, өздерінің жоғары спорттық дайындығы мен командалық […]
3 желтоқсан 2025 жылы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Ә. Бухарбайқызы және М. Әуезов атындағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинарлары өтті. Денсаулық және қауіпсіз мінез-құлық тақырыбын қамтыған кездесулерге 350-ден астам жасөспірім қатысты. Шараның басты мақсаты — жастарға АИТВ жұқпасы мен ЖЖБИ-ға байланысты қауіптердің қалай қалыптасатынын түсіндіру және оларды шынайы қорғайтын біліммен қамтамасыз ету. […]
