Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

2026 жылғы 27 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселесіне арналған дөңгелек үстел және семинар ұйымдастырылды. Іс-шара алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымовтың бастамасымен және медицина мен білім беру саласының мамандарының бірлесуімен өтті. Дөңгелек үстелге Еңбекшіқазақ ауданының орта білім беретін мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, биология пәні мұғалімдері мен мектеп […]

Толығырақ

Халықтың АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында профилактикалық бағыт мамандары Алматы облысының ЖШС және АҚ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Алдын алу кездесулері жұмыс орындарында ұйымдастырылып, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу әдістері, уақтылы тестілеудің маңыздылығы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға […]

Толығырақ

2026 жылдың ақпан айының басында Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы аумағында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Жамбыл көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарымен бірлесе өткізілді. Атап айтқанда, нарколог дәрігер Т. Кулумбетов, акушер-гинеколог Р. Кадырова, психолог А. Тунгушбаева, салауатты өмір салты (СӨС) валеологы А. Сатова қатысып, өз бағыттары бойынша мазмұнды […]

Толығырақ

2026 жылғы 4 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі, С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі және Еуразиялық көпсалалы колледжі студенттері мен оқытушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін […]

Толығырақ

2026 жылы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары білім беру ұйымдарынан бастау алды. Алғашқы іс-шаралардың бірі – оқушылардың өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру семинары болды. 2026 жылдың 21 қаңтарында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Қасымов Қарасай ауданы, Іргелі ауылында орналасқан […]

Толығырақ

Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес Кампаниясының аяқталуына орай, 2025 жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысындағы №10228 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметкерлер мен азаматтық мамандарға АИТВ туралы нақты әрі сенімді ақпарат беру, инфекцияның берілу жолдарын түсіндіру, қорғану әдістерін таныстыру және ерікті түрде тестілеудің маңыздылығын насихаттау болды. Алматы облыстық […]

Толығырақ

Он жыл ішінде менің өмірім түбегейлі өзгерді. Бір кездері бұл диагноз мені күйретіп тастайтындай көрінді, бірақ сол сәтте мен өмірге қайта жармасып, бәрін жаңадан бастадым. Бірнеше жыл бұрын АИТВ-ға оң нәтижелі тест алған кезде абдырап қалдым. Оған дейін ретсіз өмір салтын ұстандым. Басымда сансыз сұрақ болды: АИТВ қайдан пайда болды, бұл инфекция деген не, қалай […]

Толығырақ

Қарасай ауданында жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатындағы белсенді әрі жүйелі жұмыс жалғасуда. Соңғы бір ай ішінде медициналық ұйымдар мен профильдік мекемелердің мамандары ауданның колледж студенттері мен мектеп оқушыларына арналған лекциялар, тренингтер және интерактивті кездесулер сериясын өткізді. Ақпараттық кампания ауқымды білім беру алаңдарын қамтыды. Олардың қатарында медициналық және шығармашылық бағыттағы […]

Толығырақ

Акция барысында: Қандағы қант мөлшері – 18 адамға тексерілді; Артериялық қан қысымы – 12 тұрғынға өлшendi; АИТВ-ға жедел тестілеуден – 18 адам өтті; Тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес – 18 адамға ұсынылды. Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша кеңестер […]

Толығырақ

2025 жылғы 5 желтоқсанда Талғар ауданы Еркін ауылындағы №26 орта мектепте 10–11 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Бұл шара жасөспірімдерді спорттық бәсеке рухында біріктіріп қана қоймай, бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту және жастардың салауатты өмір салтына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігіне айналды. Жарыс аясында Талғар аудандық спорт басқармасының қолдауымен […]

Толығырақ