Жаңалықтар
Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған Кампания аясында, Есік қаласындағы «Облыстық арнайы мектеп-интернат №1» КММ базасында ағартушылық шара өткізді. Іс-шара аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында АИТВ-ның алдын алу тақырыбында шығармашылық сурет байқауы және АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық семинар өтті. Сурет байқауы […]
19 қараша 2025 жылы Ұйғыр ауданының білім бөлімі мен Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының келісімімен «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» атты республикалық науқан аясында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерін білім беру жүйесіне тиімді интеграциялау, сонымен қатар мамандардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру. Дөңгелек […]
ЖИТС-пен күресудің Бүкілдүниежүзілік күніне арналған кампания және ақпараттық-ағарту жұмыстары аясында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы бірқатар ұйымдарда АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Қамтылған қызметкерлер саны: «Отан Green Food» ЖШС (құс фабрикасы) — 700 адам, Шонжы ауылы «АзияГаз» […]
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жастар арасында АИТВ туралы ақпараттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауқымды форум өтті. Іс-шара 2025 жылғы 18 қарашада «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» республикалық кампаниясы аясында ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ-инфекция жайлы объективті әрі шынайы түсінік беру, зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен […]
2025 жылдың 18 қарашасында Ақсай ауылының БМСК орталығы базасында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ЖДО дәрігері Т.Секебаевамен бірлесіп көшпелі шара өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ұйымдастырылды. Бұл дата АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте тестілеу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың болмауының маңызын еске салады. Кездесудің негізгі […]
2025 жылдың 13 қарашасында Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ерекше акция өтті. Іс-шара дәстүрлі семинар форматында емес, «ВИЧеринка» түрінде, яғни жастарға арналған интерактивті, ашық атмосферада ұйымдастырылды. Кездесуге 50 шақты студент қатысып, ерекше қызығушылықпен мамандарға тікелей сұрақтарын қойды. Науқан Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, […]
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары еңбек ұжымдары мен әскери қызметшілер арасында дәрістер мен кездесу өткізуде. Кампания Алматы облысының ең шалғай аймақтарынан — Райымбек және Кеген аудандарынан басталды. Қарашаның басында Алматы облысы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылы мен оған жақын елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары […]
2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған ақпараттық науқан өткізіледі. 2025 жылдың тақырыбы – «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге». Бұл ұран қоғамның күш-жігерін біріктіруге, жаңа тәсілдерді дамытуға және АИТВ-ның алдын алу мен осы инфекциямен өмір сүретін адамдарды қолдау ісінде […]
Алматы облысының ең шалғай аудандарының бірі – Кеген ауданы. 2025 жылғы 6 қарашада мұнда «Жасөспірімдер арасында АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен Кеген аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Өмірсейітова ұйымдастырды. Шараға Кеген аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері – акушер-гинеколог А.Қадирова, […]
05 қараша 2025 жылы Райымбек ауданында «Жастар — денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ» атты кең ауқымды ақпараттық күн өтті. Іс-шара аясында ауданға қарасты А. Сарсенбайұлы атындағы және Қайнар орта мектептерінің 8–11 сынып оқушыларына арналған семинарлар ұйымдастырылып, барлығы 305 оқушы қамтылды. Сонымен қатар Қайнар орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» […]
